ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 142
Статьи : 96
Просмотры материалов : 21048
Қазір сайтта
Сейчас 9 гостей онлайн

Ұлт мақтанышы

rimova.jpg - 1.13 Mb
Өтенай ауылындағы №5 кітапхана филиалында 15 қаңтар күні қазақ халқының көрнекті актрисасы, Қазақ КСР - інің халық әртісі Римова Бикен Ырымқызының туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы» атты өнер сағаты болып өтті. Өнер сағатына №21 мектептің оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шараға қатысушыларға Бикен апайымыздың өмірі жайлы кеңінен мағлұмат беріліп, атағы кеңге жайылған апамыздың шығармашылығына тоқталдық.

толығырақ

 

Жасай бер, Ұлы Отаным Қазақстан

klklkl.jpg - 3.10 Mb

Қантар айының 15 күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде, Елбасының "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" бағдарламасымен сабақтасқан Астананың 20 жылдығына орай  «Жасай бер, Ұлы Отаным Қазақстан» тақырыбында  №2 мектептің 3 «А» сынып оқушыларымен  тұрақты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді.

толығырақ

 

Латын әліпбиі – заман талабы

9 akpan.jpg - 148.41 KbҚалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қаңтар айының 9-ші жұлдызында № 2 мектептің 5 «ә» сынып оқушыларымен«Латын әліпбиі – заман талабы» атты талқылау сабағы өткізілді. Мақсаты: "Рухани жаңғыруды" сипаттау, патриоттық сананы қалыптастыру.

толығырақ

 

Тіл – ұлттың тірегі

korme.jpg - 182.17 Kb8 қаңтар күні қалалық орталық балалар кітапханасында мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Тіл – ұлттың тірегі» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тіл – қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны мен ары. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі. Аталмыш көрмеге кітапхана қорындағы тіл тақырыбына қатысты кітаптар, электрондық басылымдар, газет–журналдар беттеріндегі мәліметтер ұсынылып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды. Көрме жыл соңына дейін жалғасады.

 

Тоқыма өнерін жаңғырту

til korme 2.jpg - 254.91 Kb Қаңтар айының 8-ші жұлдында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде "Шебер қолдар" үйірмесінің мүшелерімен «Тоқыма өнерін жаңғырту» атты сабақ өткізілді.

толығырақ

 

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыр, жаңа нұр

otdelenie 1.jpg - 142.59 Kb 2017 жылдың 30 желтоқсанында 3- ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалы қызметкерлерінің ұйымдастырумен және №10 мектеп оқушылары мен ТПТК және ЖМУ студенттерінің қатысуымен 3 жастан 11 жас аралығындағы балалар мен бүлдіршіндерге арналған «Кел, Жаңа жыл, жаңа  жыр, жаңа нұр» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.Жаңа жылдық шыршаның шамы жағылған сәтте жиналған оқушылар, бүлдіршіндер Аяз ата , Ақшақармен бірге қол ұстасып шыршаны айнала «Шырша жырын» шырқады.

толығырақ

 

Қош келдің Жаңа Жыл

jjj.jpg - 1.52 Mb

29 желтоқсан күні  Еркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында «Қош келдің Жаңа Жыл» атты жаңажылдық мерекелік кеш ауыл балаларына арнап ұйымдастырылды. Мерекеге  қатысқан балалар, Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алып әдемі шыршаны айналып  дайындаған әндері мен тақпақпақтарын айтып,  билерін  биледі.

толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бір тармағы

img-20171220-wa0002.jpg - 100.28 Kb

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 20 желтоқсан күні «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бір тармағы» атты әңгіме сағаты № 22 мектептің 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Балаларға кітапханашы Н.Албиланова: «Латын әліпбиіне көшу –заман талабы атты» баяндама жасады. Шара латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

 

Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте

moinak.jpg - 76.11 KbМойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында 15 желтоқсан күні Елбасы  Н.Ә Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты тарихи  сағат № 23 орта мектеп  оқушыларының қатысуымен  өткізілді. Бұл шара жас жеткіншектерді елін, жерін сүюге,Отанын қорғауға және Тәуелсіз еліміздің ұлтжанды азаматы  болуға тәрбиелеу мақсатында өтті.

толығырақ

 

Шарықта елім көкке сермеп қанатты

jeltoksan.jpg - 3.21 Mb

Қазақ халқы үшін Тәуелсіздік өте қастерлі де қасиетті мереке. Осы мерекеге арнап қалалық №2 кітапхана филиалы 15 желтоқсан күні «Шарықта елім көкке сермеп қанатты» деген тақырыпта тарихи сағат өткізді. Шараға қаламыздағы №5 мектептің 6в сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кітапхана меңгерушісі Н.Кәрібаева еліміздің ұлттық мерекесі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, «Тарихқа көз жіберетін болсақ, бұл күнге жету үшін ата-бабаларымыз талай қан төкті, жанын берді, бүкіл еліміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа табыс етті.

толығырақ

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru