ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 142
Статьи : 96
Просмотры материалов : 21047
Қазір сайтта
Сейчас 5 гостей онлайн

Ұлт мақтанышы

rimova.jpg - 1.13 Mb
Өтенай ауылындағы №5 кітапхана филиалында 15 қаңтар күні қазақ халқының көрнекті актрисасы, Қазақ КСР - інің халық әртісі Римова Бикен Ырымқызының туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы» атты өнер сағаты болып өтті. Өнер сағатына №21 мектептің оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шараға қатысушыларға Бикен апайымыздың өмірі жайлы кеңінен мағлұмат беріліп, атағы кеңге жайылған апамыздың шығармашылығына тоқталдық.

толығырақ

 

Жасай бер, Ұлы Отаным Қазақстан

klklkl.jpg - 3.10 Mb

Қантар айының 15 күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде, Елбасының "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" бағдарламасымен сабақтасқан Астананың 20 жылдығына орай  «Жасай бер, Ұлы Отаным Қазақстан» тақырыбында  №2 мектептің 3 «А» сынып оқушыларымен  тұрақты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді.

толығырақ

 

Латын әліпбиі – заман талабы

9 akpan.jpg - 148.41 KbҚалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қаңтар айының 9-ші жұлдызында № 2 мектептің 5 «ә» сынып оқушыларымен«Латын әліпбиі – заман талабы» атты талқылау сабағы өткізілді. Мақсаты: "Рухани жаңғыруды" сипаттау, патриоттық сананы қалыптастыру.

толығырақ

 

Тіл – ұлттың тірегі

korme.jpg - 182.17 Kb8 қаңтар күні қалалық орталық балалар кітапханасында мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Тіл – ұлттың тірегі» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тіл – қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны мен ары. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі. Аталмыш көрмеге кітапхана қорындағы тіл тақырыбына қатысты кітаптар, электрондық басылымдар, газет–журналдар беттеріндегі мәліметтер ұсынылып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды. Көрме жыл соңына дейін жалғасады.

 

Тоқыма өнерін жаңғырту

til korme 2.jpg - 254.91 Kb Қаңтар айының 8-ші жұлдында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде "Шебер қолдар" үйірмесінің мүшелерімен «Тоқыма өнерін жаңғырту» атты сабақ өткізілді.

толығырақ

 

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыр, жаңа нұр

otdelenie 1.jpg - 142.59 Kb 2017 жылдың 30 желтоқсанында 3- ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалы қызметкерлерінің ұйымдастырумен және №10 мектеп оқушылары мен ТПТК және ЖМУ студенттерінің қатысуымен 3 жастан 11 жас аралығындағы балалар мен бүлдіршіндерге арналған «Кел, Жаңа жыл, жаңа  жыр, жаңа нұр» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.Жаңа жылдық шыршаның шамы жағылған сәтте жиналған оқушылар, бүлдіршіндер Аяз ата , Ақшақармен бірге қол ұстасып шыршаны айнала «Шырша жырын» шырқады.

толығырақ

 

Қош келдің Жаңа Жыл

jjj.jpg - 1.52 Mb

29 желтоқсан күні  Еркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында «Қош келдің Жаңа Жыл» атты жаңажылдық мерекелік кеш ауыл балаларына арнап ұйымдастырылды. Мерекеге  қатысқан балалар, Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алып әдемі шыршаны айналып  дайындаған әндері мен тақпақпақтарын айтып,  билерін  биледі.

толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бір тармағы

img-20171220-wa0002.jpg - 100.28 Kb

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 20 желтоқсан күні «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бір тармағы» атты әңгіме сағаты № 22 мектептің 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Балаларға кітапханашы Н.Албиланова: «Латын әліпбиіне көшу –заман талабы атты» баяндама жасады. Шара латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

 

Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте

moinak.jpg - 76.11 KbМойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында 15 желтоқсан күні Елбасы  Н.Ә Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты тарихи  сағат № 23 орта мектеп  оқушыларының қатысуымен  өткізілді. Бұл шара жас жеткіншектерді елін, жерін сүюге,Отанын қорғауға және Тәуелсіз еліміздің ұлтжанды азаматы  болуға тәрбиелеу мақсатында өтті.

толығырақ

 

Шарықта елім көкке сермеп қанатты

jeltoksan.jpg - 3.21 Mb

Қазақ халқы үшін Тәуелсіздік өте қастерлі де қасиетті мереке. Осы мерекеге арнап қалалық №2 кітапхана филиалы 15 желтоқсан күні «Шарықта елім көкке сермеп қанатты» деген тақырыпта тарихи сағат өткізді. Шараға қаламыздағы №5 мектептің 6в сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кітапхана меңгерушісі Н.Кәрібаева еліміздің ұлттық мерекесі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, «Тарихқа көз жіберетін болсақ, бұл күнге жету үшін ата-бабаларымыз талай қан төкті, жанын берді, бүкіл еліміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа табыс етті.

толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу-өркениетті шешім

kymis lat.jpg - 97.25 Kb 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 15-ші желтоқсан күні Елбасының «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында «Латын әліпбиіне көшу-өркениетті шешім» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шараға №10 мектептің оқушылары қатысты.    Шараға қатысушылар аталған тақырып төңірегінде Латын әліпбиіне көшудің  маңызы зор екендігін айтып өтті. Өйткені саясаттану, әдебиеттану, психология, мәдениеттану және филология сынды гуманитарлық ғылымдарды дамытуда латын әліпбиіне көшу орынды деп ойларын жан – жақты ортаға салды. Шара жаңа жоба латын қарпіне көшу және сапалы білім беру мақсаттарына сәйкес жүзеге асатындығы туралы  және латын әрпіне көшудің өзіндік логикасына тоқталып, қазақ әліпбиінің кешегі күнге дейінгі сан қатпарлы тарихынан кеңінен мағлұмат беру мақсатында өткізілді.

толығырақ

 

Көк тудың желбірегені

detbib3.jpg - 3.21 Mb Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығы» туралы орталық қалалық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде желтоқсан айының 15 жұлдызында №2 мектептің 3 «а» сынып оқушыларымен «Көк тудың желбірегені» атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты:1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасын оқушыларға көрсету.

толығырақ

 

Мәңгі болсын тәуелсіздік тұғыры

otenai2.jpg - 1.87 MbӨтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында  14 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай «Мәңгі болсын тәуелсіздік тұғыры» атты тарихи кеш өтті. Шараның мақсаты:  Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға, еліне деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, өткен тарихымызды таныту.  Оқушылардың  патриоттық сезімдерін ояту.Мерекелік шараға Өтенай ауылдық мәдениет үйінің директоры, қалалық мәслихат депутаты    Бақытай Қабдолдаұлы  Түстікбаев, мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі  Маржан Керейбаева және №21 мектептің 7 а сынып жетекшісі Халықова Роза  Әбдірасылқызы оқушыларымен қатысты.

толығырақ

 

Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім

shanara.jpg - 2.75 Mb

Еркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында  14 желтоқсан күні Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында  және Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» атты еске алу сағаты өтті. Шараға   № 26 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.Шара барысында  кітапхана меңгерушісі   Ж. Жәкібаева жалпы Тәуелсіздік туралы,  кеңінен мәлімет беріп өтті.

толығырақ

 

Тәуелсіздік тұғырының негізі- отансүйгіштік

tayel.jpg - 1.63 Mb 2017 жылдың 13 желтоқсанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында және «Астананың 20 жылдығына» орай Талдықорған қаласының «Білім» гуманитарлық-техникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мәкенова Римма Советханқызымен колледж студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік тұғырының негізі- отансүйгіштік» атты танымдық сағат өтті.Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстан туралы , оның Тәуелсіздік жолындағы дамуы туралы мәлімет беру. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

толығырақ

 

Ата – баба арманы - Тәуелсіздік

2017 жылдың 12 желтоқсаны күні 3-ші бөлімше №7 кітапхана филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Ата – баба арманы - Тәуелсіздік» атты тарихи кеш өткізілді. Шараға №10 мектеп оқушылары мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Табылдинов Сәлім Жұмаділұлы қатысты. Кітапханашы К.Табылдинова оқушыларға Тәуелсіздік туралы, Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі 1986 жылғы сол кездегі Жаңа алаңда бой көтергендігі жайлы айтты.

толығырақ

 

"Туған жерге туыңды тік акциясы" акциясы

ks.jpg - 2.68 MbАстананың 20 жылдығы аясында», мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы және «Туған жер» бағдарламасы аясында  2017 жылғы  11 желтоқсанда  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында «Туған жерге туыңды тік»  кітапханаға  кітап сыйлау акциясы өтті. Акцияның мақсаты: қала тұрғындары мен оқырмандардан Талдықорған қаласының тарихы, белгілі қоғам қайраткерлері мен тұлғалары туралы кітаптар, мерзімді басылымдар, фото альбомдар, буклеттер және тағы басқа басылымдарды кітапхана қорына өтеусіз сыйға алу.Бұл акцияда ақын, аудармашы, Халықаралық әдеби сыйлықтың иегері  Жүкел Хамай және ақ халатты абзал жандардың бірі, балалар емханасының дәрігері  Сансызбаева Ләззат  Князқызы кітапханаға  жеке кітапханаларынан кітаптарын сыйға тарттыks1.jpg - 2.38 Mb.

толығырақ

 

Мәңгілік махаббат жыры

 

kymis7.jpg - 111.92 Kb 9 желтоқсан  күні 3- ші бөлімше №7 кітапхана филиалында жазушы, Мемлекет сыйлығының лауреаты, А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық-күміс медалінің  иегері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына – 95 жыл толуына орай  «Мәңгілік махаббат жыры»  атты көркемсөз оқу сайысы өтті. Мақсаты: оқушыларды жазушының өмірімен таныстырып, шығармалары туралы білімдерін тереңдетіп, көпшілік алдында көркемсөз оқуға, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, нақышына келтіріп мәнерлеп оқуға бейімдеу және прозаға   деген сүйіспеншілігін ояту болып табылады.

толығырақ

 

Жемқорлық індет- жою міндет

kymis1.jpg - 29.78 Kb8 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне  орай  3-ші бөлімше  №7 кітапхана филиалында  «Жемқорлық індет- жою міндет» деген тақырыпта №10 мектептің 5-11 сынып оқушылары  арасында   тәрбие сағаты өтті.  11 сынып оқушысы Мухитқызы Ажар  «Сыбайлас жемқорлық деген не?» деген тақырыпта  баяндама оқыды. Ал, сондай- ақ осы мектептің оқушылары Жазылбаева Аяулым, Токтасынова Аида, Мухитов Айдын, Жақсылық Алихан, Балтабаева Ардақ пен Балтабаева Айым  сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы   өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтты. Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, “Сыбайлас жемқорлық, парақорлық», сөздерінің   мағынасын  айта келе, экономикаға қауіпті  екенін түсіндіру, қоғамда өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

толығырақ

 

Ұлт көсемімен –келешекке бірге

img-20171205-wa0001.jpg - 122.07 Kb30 қараша күні сағат 10.00- де  Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 1 желтоқсан Президент күні мерекесіне орай  «Ұлт көсемімен –келешекке бірге» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараға 6-7 сынып оқушылары қатысты. Бұл шара жас жеткіншектердің бойына ұлтжандылық қасиеттерін  қалыптастыру, тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тұла бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы, басқа мемлекеттерге үлгі екендігін мақтанышпен айтып өту және Елбасының өмірімен, еліміз үшін жасалып жатқан еңбектері туралы, әртүрлі ұлт өкілдерін  өз бауырына басқан қазақ елі бүгінде бірлік пен берекенің ұйтқысы екендігін,

толығырақ

 

Егемен елдің кемеңгер басшысы

 

img-20171130-wa0008.jpg - 115.14 Kb 2017 жылы  30 қараша  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай  3-ші бөлімше  №7 кітапхана филиалында  «Егемен елдің кемеңгер басшысы» деген тақырыпта   №10 мектептің 1-7 сынып оқушылары  арасында  тұлғалық кеш өтті .  Мақсаты: Елбасының  өмірімен, еліміз үшін жасалып жатқан еңбектерін насихаттау, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып  Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.Осы іс- шараға белсене  қатысқан оқушылар: Абуова Қарақат, Иманжан Диана Елбасымыздың өмірбаяны мен еңбегіне тоқталса, Джартыбаев Алиби, Биғали Шырайлым  Елбасымыз туралы өлеңдер оқыды.

 

Қазақстан және Елбасы

gul1 2.jpg - 79.80 Kb Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында 30 қараша күні Тұңғыш Президент күніне арналған «Қазақстан және Елбасы» атты тарихи сағаты №22 мектеп оқушыларымен өткізілді. Еліміз көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз, Қазақстанның атын шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп, жатқаны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арқасы.

толығырақ

 

Елі үшін туған азамат

j2 1.jpg - 3.05 MbЕркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында  29 қараша күні «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күніне» орай «Елі үшін туған азамат» әңгіме сағаты № 11 мектептің 7 сынып оқушыларымен  ұйымдастырылды.Шараның мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған Президент екенін таныту, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы оқушылардың білімін, саяси сауаттылығын арттыру, оқушылар білімін кеңейту, ой- өрістерін дамыту. Елбасына деген құрмет сезімдерін тереңдету.Шара барысында оқушылар Елбасының өмірбаянымен, еңбек жолымен, кітаптарымен танысты.

толығырақ

 

Латын әліпбиі- заман талабы

lat.jpg - 1.80 Mb28 қараша күні Еркін  ауылдық № 3 кітапхана- филиалында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына  орай «Латын  әліпбиі- заман талабы» атты экспресс шолуы № 11 мектептің 5 сынып оқушыларымен өткізілді.  Шара мақсаты:  Түркі әлеміне жақындаудан біз ұтылмайтынымызды, ол  түркі халықтарымен тіліміз, дініміз және мәдениетіміз бір екендігін түсіндіріп, сол себептен бұл дұрыс  үрдіс екенін,  латын қарпі арқылы замануи үрдістерден  кейін  қалмауға мүмкіндік болатынын жеткізу.

толығырақ

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru