ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 151
Статьи : 155
Просмотры материалов : 32052
Қазір сайтта
Сейчас 3 гостей онлайн
Кітапхана туралы

Қош келдіңіздер!

Құрметті оқырман қауым! «Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің сайтына қош келдіңіздер!

Ұлтымыздың рухын көтеріп, мерейін асырып, мәртебесін асқақтататын – мәдениет. Осы мәдениеттің бір саласы – кітапханалар. Кітапханалар- биік парасаттылықпен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы болып табылады. Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Кітапхана – рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танытатын керемет жер. Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі десек, болашақта кітапханалар ең озық алдыңғы қатардағы басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мәртебеге ие болу мүмкіндігі мол. Талдықорған қалалық орталық кітапханалар жүйесі төмендегідей жұмыстарды атқарады. Кітапхана  жұмысы  тек кітаптарды  сақтап, оны алып-берумен ғана шектелмейді, ол көпшілікті оқу мәдениетіне тәрбиелеу мектебі, мәдениет пен білім ордасы.

•Кітап корын қалыптастырып, сақтау, келешек ұрпаққа жеткізу;

•Оқырмандардың Республика, облыс, қала тарихына деген қызығушылықтарын арттырып, құқықтық білімдерін меңгерту, рухани мәдениетті жаңғыртуға көмек көрсету;

•Әр түрлі бағытта оқырмандарға кітап қорын насихаттау;

•Ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеуде жаңа әдісті шаралар арқылы «Қазақстан -2050», «Мемлкеттік тілді»,  «Мәдени мұра», «Өлкетану», «Оқуға құштар Қазақстан» бағдарламаларын насихаттау;

•Оқырмандардың мәдени танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

•Кітапхана оқырмандарына ақпараттық және анықтама-библиографиялық қызмет көрсету;

•Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу;

•Өлкетану бағытында жұмыс;

•Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдау;

•Экология және салауатты өмір салтын насихаттау;

•Мүгедек оқырмандарды ақпаратпен қамту;

•Әуесқой клубтар мен оқу бағдарламасына көмектесу;

•Кітапханадағы клуб жұмыстарын жандандыру.

Рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір  адамның келер шаңырағы – кітапхана. Кітап оқу өнер. Уақыт талабына сай кітапсыз, жаңалықсыз ешкімнің де алға баса алмасын біліп отырмыз. Бүгінгі кітапхана – ақысыз пікір алмасу мен кездесу орталығы десек, БІЗДІҢ САЙТ өз оқырмандарымызға ғана емес, барша пайдаланушыларға да ашық!


 

 

Рейтинг@Mail.ru