ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 135
Статьи : 70
Просмотры материалов : 18316
Қазір сайтта
Сейчас 7 гостей онлайн

"Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 .jpg - 110.61 Kb Қош келдіңіздер!  Құрметті оқырман қауым! «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Талдықорған қаласының  «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің сайтына қош келдіңіздер!

Ұлтымыздың рухын көтеріп, мерейін асырып, мәртебесін асқақтататын – мәдениет. Осы мәдениеттің бір саласы – кітапханалар. Кітапханалар- биік парасаттылықпен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы болып табылады.  Кітапхана – бұл күнделікті өмір.  Кітапхана – рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танытатын керемет жер.Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі десек, болашақта кітапханалар ең озық алдыңғы қатардағы басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мәртебеге ие болу мүмкіндігі мол. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Талдықорған қаласының  «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сітөмендегідей жұмыстарды атқарады. Кітапхана  жұмысы  тек кітаптарды  сақтап, оны алып-берумен ғана шектелмейді:

Ол көпшілікті оқу мәдениетіне тәрбиелеу мектебі, мәдениет пен білім ордасы.

Кітап корын қалыптастырып, сақтау, келешек ұрпаққа жеткізу;

Оқырмандардың Республика, облыс, қала тарихына деген қызығушылықтарын арттырып, құқықтық білімдерін меңгерту, рухани мәдениетті жаңғыртуға көмек көрсету;

Әр түрлі бағытта оқырмандарға кітап қорын насихаттау;

Ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеуде жаңа әдісті шаралар арқылы «Қазақстан -2050», «Мемлекеттік тілді»,  «Мәдени мұра», «Өлкетану», «Жасыл ел»,  «Оқуға құштар Қазақстан», «Жетісу- кітапқұмарлар өлкесі» бағдарламаларын насихаттау;

Оқырмандардың мәдени танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

Кітапхана оқырмандарына ақпараттық және анықтама-библиографиялық қызмет көрсету;

Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу;

Өлкетану бағытында жұмыс;

Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдау;

Экология және салауатты өмір салтын насихаттау;

Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарды ақпаратпен қамту;

Әуесқой клубтар мен оқу бағдарламасына көмектесу;

Кітапханадағы клуб жұмыстарын жандандыру;

Рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір  адамның келер шаңырағы – кітапхана. Кітап-оқу өнер. Уақыт талабына сай кітапсыз, жаңалықсыз ешкімнің де алға баса алмасын біліп отырмыз.

Бүгінгі кітапхана – ақысыз пікір алмасу мен кездесу орталығы десек, БІЗДІҢ САЙТ өз оқырмандарымызға ғана емес, барша пайдаланушыларға да ашық!

 

Обновлено (02.10.2017 12:22)

 

Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде кем.Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ қалыптасу мен даму жолында өз  тарихы бар қиын кезеңді  бастан өткерді. Талдықорған қалалық халық депутаттар Советінің шешімі бойынша  1948 жылдың  тамыз айында Талдықорған қалалық кітапханасын МТС-тің ғимаратында қалалық кітапхананы ашу туралы шешім қабылдады.1948 жылдың 2-ші  қыркүйегінен  бастап қалалық кітапхана жұмыс істей бастады.Кітап қоры бар болғаны – 1278 дана болған еді. 1968 жылы кітапхана арнайы салынған жаңа ғимаратқа көшті. Қазіргі Жансүгіров көшесі 149 үйде пешпен жылтылатын, төрт бөлмелі болды. 1977 жылғы КСРО Мәдениет Министрлігі алқасының №23/149 қаулысы бойынша бекітілген «Бірыңғай көпшілік кітапханалар жүйесін ұйымдастыру жөніндегі ережеге» сәйкес 1977 жылы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып құрылды. Кітапхана жүйесінің бірінші директоры  Тамара Вылгжанина болды.1978 жылдан кітапхана жүйесінің  директоры болып Сауытбекова Камилә Сауытбекқызы 1985 жылға дейін қызмет етті.Кітапхана жүйесінің  құрамына 6 көпшілік және 2 балалар кітапханасы кірді.Кітапханада оқу залы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, өнер бөлімі, кітап қорын өңдеу және жинақтау бөлімі, бірыңғай кітап қорын сақтау бөлімдері  болды.


Обновлено (24.01.2017 10:31)

толығырақ

 

Әкімшілік

Директор – 1

Директор орынбасары – 1

Бас бухгалтер – 1

Әдіскер – 1

 

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Бөлім меңгерушісі – 1

Кітапханашы – 3

Библиограф – 1

 

Кітап қорын толықтыру және жинақтау бөлімі

Бөлім меңгерушісі – 1

Кітапханашы – 1


Обновлено (23.01.2017 16:35)

толығырақ

 

Рейтинг@Mail.ru